Қазақстандық теннисшілер жанкүйерлерімен ойнады

29 Ақпан 2020, 18:45
1367
Бөлісу:
Қазақстандық теннисшілер жанкүйерлерімен ойнады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан теннис федерациясының ойыншылары елордалықтарға мастер-класс өткізді.

Қазақстан теннис Федерациясы 6 және 7 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Дэвис Кубогының іріктеу кезеңі қарсаңында Қазақстан мен Нидерланды командалары арасында құраманың ойыншыларының жанкүйерлерімен кездесуін және балаларға арналған мастер-класс өткізді.

Кездесу бүгін 14.00-де "MEGA SilkWay" СОО-да аудиториямен әңгімелесу форматында өтіп жатыр, онда жанкүйерлер мен теннис әуесқойлары теннисшілерге сұрақтар қойды.

Бұдан басқа, СОО-ға қатысушылар үшін шеберлік сабағы өтті. "MEGA SilkWay" жас келушілері теннистен ҚР құрамасының мүшелері - Александр Бублик, Дмитрий Попко, Андрей Голубев, Александр Недовесов және Денис Евсеевпен бір кортта ойнады.

Дэвис Кубогы - ерлер теннисіндегі ең ірі халықаралық командалық жарыс. Жыл сайын 1900 жылдан бастап өтуде 1979 жылдан бастап Халықаралық теннис федерациясының қамқорлығымен өткізіледі. 2019 жылдан бастап - жаңа форматта, онда 18 үздік құрама маусым соңында Бас жүлдені сарапқа салады. Кубоктың ағымдағы иегері - Испания құрама командасы.

6 және 7 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан құрамасы Нидерланд құрамасымен кездесіп, жарыстың финалдық кезеңіне жолдама алады.

Өзгелердің жаңалығы