Қазақстандық спортшылар каное есуден әлем чемпионатының финалына өтті

21 Тамыз 2019, 23:32
1262
Бөлісу:
Қазақстандық спортшылар каное есуден әлем чемпионатының финалына өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Венгрияның Сегед қаласында байдарка мен каное есуден әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық каноешілер финалға өтті, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.  

Екі адамдық каноемен 200 метрге жарысудан сынға түскен Мерей Медетов пен Тимур Хайдаров 36.76 уақыт көрсеткішімен өз тобында бірінші орын алды.Осылайша, олар 23 тамыз күні өтетін финалдық кезеңге жолдама алды. Сондай-ақ, Иван Лукьянов байдаркамен 500 метрге жарысудан жартылай финалға өтті.  

Өзгелердің жаңалығы