Қазақстандық ең қымбат футболшылар

30 Желтоқсан 2019, 22:35
3054
Бөлісу:
Қазақстандық ең қымбат футболшылар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі Transfermarkt порталы қазақстандық футболшылардың жаңа трансферлік бағасын тіркеді, деп хабарлайды Vesti.kz. 

Ең қымбат отандық футболшы Бауыржан Исламхан болды. «Қайраттың» экс-капитаны 600 мың еуроға қымбаттаған екен. Қазір оның құны – 3 миллион еуро. Екінші және үшінші орындарда Дмитрий Шомко мен Роман Муртазаев тұр. «Астананың» қорғаушысы мен бұрынғы ойыншысы трансферлік нарықта 2,5 миллион еуро тұрады. Ресейлік «Ростовтың» жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов алтыншы орында.

Қазақстандық қымбат 10 футболшының үшеуі қазір еркін агент: Исламханмен бірге жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат «Қайратпен қоштасса, Муртазаев «Астанадан» кетті.

Ең қымбат қазақстандық футболшылар:

Бауыржан Исламхан - 3 миллион еуро;

2-3. Дмитрий Шомко («Астана») - 2,5 миллион, Роман Муртазаев - 2,5 миллион еуро;

4. Исламбек Қуат - 2 миллион еуро;

5. Дмитрий Непогодов («Ордабасы») - 1,8 миллион еуро;

6-7. Бахтиер Зайнутдинов («Ростов», Ресей) - 1,7 миллион еуро, Стас Покатилов («Қайрат») - 1,7 миллион еуро;

8. Ғафуржан Сүйімбаев («Қайрат») - 1,6 миллион;

9. Сергей Малый («Ордабасы») - 1,5 миллион еуро;

10. Абзал Бейсебеков («Астана») - 1,5 миллион еуро;

Өзгелердің жаңалығы