Қазақстандық дзюдошы Гран-при турнирінде жеңіске жетті

27 Шілде 2019, 00:05
1855
Бөлісу:
Қазақстандық дзюдошы Гран-при турнирінде жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдодан Загребте өтіп жатқан Гран-при турнирінде қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэг чемпион атанды, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі. 

48 келіде белдескен Қазақстан командасының мүшесі финалға дейін сүрінбей, ақтық айқаста франциялық Мелани Клементті ұтты.  Финалға дейін Галбадрах Австрия және Қытай спортшыларынан басым түскен болатын. 

 

Өзгелердің жаңалығы