Қазақстандық бітімгершілер Ливанға аттанды

28 Қараша 2019, 06:43
15958
Бөлісу:
Қазақстандық бітімгершілер Ливанға аттанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық бітімгершілік полкінің үшінші бітімгершілік ротасы "Ливандағы БҰҰ уақытша күштері" миссиясына қатысу үшін Ливанға келді. Бөлімшеде 120 әскери қызметші бар, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанның өңірлік қолбасшылықтары мен десанттық-шабуылдау әскерлерінің 120 әскери қызметшісінен құралған бөлімшені үнді батальонының командирі Нараян Бати қарсы алды.

Бірінші және екінші бітімгерлік рота өз қызметтерін жақсы орындады. Сіздердің Үндістанда арнайы курстан өткендеріңізді білемін. Сіздер сияқты үздіктерді қарсы алу мен үшін үлкен құрмет. Қазақстандық әскери қызметшілер үнді батальонының құрамында тапсырма орындағаннан бастап, біз "ҮндБат" емес, "ҮндҚазБат" деп атала бастадық. Сіздерді құттықтаймын және қызметтеріңізге сәттілік тілеймін, - деді ол құттықтау сөзінде.

Қазақстандық бітімгершілік ротасы үнді батальонымен бірлесіп белгілі бір міндеттерді орындайды. Олардың негізгісі "көк сызық" деп аталып кеткен 16 шақырымды құрайтын ливан-израиль шекарасын  патрульдеу. Бітімгерлер күнделікті жағдайды нақтылап, блокпостарда қызмет атқарады, әскери базалардың күзетілуі мен күшеюі үшін жауап беретін автономды патрульдерге шығады. Бітімгершілік контингентінің міндеттері қатарында-басқа елдердің бітімгершілік контингентінің өкілдерімен, сондай-ақ жергілікті халықпен достық қарым-қатынас орнату бар. Үшінші бітімгерлік рота Ливанда 2020 жылдың мамырына дейін болады.

Аталмыш құрамға кіру үшін әскери қызметшілер психологиялық тестілеу мен медициналық тексеруден өтіп, ағылшын тілінен тест тапсырады. Іріктеуден кейін халықаралық стандарттарға сәйкес әзірленген оқыту бағдарламалары бойынша теориялық және тәжірибелік дайындықтан өтеді. Бітімгерлерді 6 және 3 ай көлемінде "Бейбітшілік жолындағы серіктестік" (КАЗЦЕНТ) оқу-жаттығу орталығының нұсқаушылары, минасыздандыру орталығының мамандары, бітімгершілік даярлық бойынша нұсқаушылар үйретеді. Қазақстан БҰҰ-ның Ливандағы миссиясына үнді батальоны құрамында қатысатындықтан, Қазақстан мен Үндістанның екіжақты ынтымақтастық бағдарламасына сәйкес бірлескен сапарлар көзделген. Қазақстандық әскери қызметшілер Нью-Делиге бітімгершілік даярлық курсы аясында барады. Соңғы кезеңде Қазақстанға Үндістаннан мобильді жаттығу тобы келеді. Мамандар екі апталық сабақ курсын өткізеді. Бұдан кейін үнді бағалау тобы қазақстандық әскери қызметшілердің дайындығын бағалайды. Жөнелтілу алдында әлемдік денсаулық сақтау ұйымы хабарлағандай, бітімгерлер міндетті түрде вакцинациялаудан өтеді.  

2018 жылдың қазан айынан бастап 2019 жылдың мамыр айына дейін Ливандағы БҰҰ миссиясына 120 әскери қызметшіден құралған алғашқы бітімгершілік рота қатысты. Биыл мамыр айында оның орнына алты ай мерзімге екінші бітімгершілік рота жіберілді. 120 әскери қызметшіден құралған бөлімше осы жылдың мамыр айынан қараша айына дейін миссияда болды.

Қазақстандық бітімгерлер "Үнді батальоны құрамында қазақстандық бітімгершілік контингентін өрістету тәртібі туралы" Қазақстан мен Үндістан Үкіметі арасындағы өзара түсіністік туралы келісім негізінде үндістандық батальон (ҮНДБАТ) құрамындағы БҰҰ-ның Ливандағы миссиясына қатысады.

"Ливандағы БҰҰ уақытша күштері" миссиясының және үнді батальонының қолбасшылығы Қазақстан Қарулы күштері әскери қызметшілерінің машықтарын және кәсібиліктерін жоғары бағалайды.  

"Ливандағы БҰҰ уақытша күштері" (ВСООНЛ немесе UNIFIL) – бұл БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1978 жылғы 19 наурыздағы № 425 қарарына сәйкес Оңтүстік Ливанда, Израильмен шекарада орналастырылған және әрбір жарты жыл сайын уақытша мандатпен ұзартылатын Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік күштері.

"Бейбітшілік жолындағы серіктестік" оқу орталығы (ҚАЗОРТ) бітімгершілік және тілдік дайындық бойынша курстар өткізеді.

Қазорталық 2008 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің шет тілдер әскери институты базасында құрылды. Ол 2010 жылдың желтоқсанында оқыту және әріптестікті дайындау орталықтары қауымдастығының 19 мүшесі болып танылды.


 

Өзгелердің жаңалығы