Қазақстанда жас отбасылардың алғашқы онлайн-фестивалі өтеді

9 Қыркүйек 2020, 13:23
1064
Бөлісу:
Қазақстанда жас отбасылардың алғашқы онлайн-фестивалі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отбасы - қоғамның ажырамас бөлігі. Қоғамның тұрақтылығы отбасының әл-ауқатына байланысты. Отбасының жағдайы да әлеуметтік процестермен байланысты. Бұл туралы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҚЕАҚ төрағасы Батима Мукина хабарлады. 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға, оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін шешуге ерекше назар аударды. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы осындай әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін гранттық қолдау көрсетеді. Біз мемлекет, ҮЕҰ мен азаматтар арасында өзара тиімді қарым-қатынас орнату үшін өз тарапымыздан бар күш-жігерімізді саламыз. Іске асырылып жатқан жобалардың айтарлықтай пайда әкелуі мен нақты әлеуметтік мәселелерді шешу біз үшін өте маңызды, - деді ол. 
Ол атағандай, 2020 жылдың 12-13 қыркүйегінде Қазақстанда жас отбасылардың алғашқы ауқымды онлайн-фестивалі өтеді, оған еліміздің бұрыш-бұрышынан 29 жасқа дейінгі ерлі-зайыптылар қатыса алады. 
Фестиваль ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткізіледі. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік грант иегері "Қазақстанның тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері институты" ҚҚ іс-шараны "Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша іс-шаралар кешені" аясында ұйымдастыруда. Фестиваль 14 өңірде және республикалық маңызы бар 3 қалада өтеді. Фестивальдің мақсаты - жастар арасында отбасы және отбасылық құндылықтар институтын нығайтуға ықпал ету. Өйткені, ақылы курстарға баруға немесе мамандардың көмегіне жүгінуге кез келген жас отбасының шамасы жете бермейді, - деді ол. 
Ол, осылайша, қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге үлес қосып жатқанын айтты. 
Фестиваль аясында жетекші сарапшылардың қызықты семинарлары мен мастер-кластары өткізіледі, эстрада әртістерінің онлайн-қойылымдары мен конкурстар ұйымдастырылады, бағалы сыйлықтар таратылады. Толық ақпаратты @otaufest_kazakhstan парақшасынан таба аласыздар. Біз қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге үлес қосуға тырысудамыз. Егер іс-шара бірнеше отбасын жақындастырса, мұның өзі үлкен жетістік болар еді, - деді Мукина.


Өзгелердің жаңалығы