Қазақстандағы АҚШ елшісі Абай өлеңін ағылшын тілінде оқыды

26 Шілде 2019, 03:47
4170
Бөлісу:
Қазақстандағы АҚШ елшісі Абай өлеңін ағылшын тілінде оқыды
VIDEO

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Қазақтандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың туған күніне арналған эстафетаға қолдау көрсетті. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшілігі Facebook-тегі парақшасында жазды. 

"АҚШ елшісі Уильям Мозерге АҚШ мемлекеттік бағдарламаларының бірінің түлегі Альбина Қасенова ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқу эстафетасын жолдаған еді. Елші мырза бұл бастаманы қолдауды мәртебе санап, ұлы ақынның өлеңін ағылшын тілінде оқып, елшіліктің дарынды қызметкерлерінің бірі Ақботаның орындауында музыкалық сүйемелдеумен бәрімізге белгілі “Желсіз түнде жарық ай” композициясын ұсынып, осылайша эстафетаға қолдау көрсетті", - делінген хабарламада. 

Елші бүкіл АҚШ дипломатиялық өкілдігінің қызметкерлерін эстафетаны жалғастыруды сұрады. 


Өзгелердің жаңалығы