Қазақстанда темекі қымбаттады

24 Қазан 2019, 08:50
1954
Бөлісу:
Қазақстанда темекі қымбаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде бір жылдың ішінде темекенің бағасы 11%-ға өсті. Бұл туралы Energyprom.kz хабарлады.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында темекінің бағасы 436 теңге болған. Өткен жылдың қыркүйек айында оның бағасы 11,4%-ға арзан еді – 391 теңге.

Темекі бағасының ең жоғарғы көрсеткіші Қостанай қаласында тіркелген – 461 теңге. Екінші орында – Нұр-Сұлтан қаласы (456 теңге). Үшінші орында – Ақтау (452 теңге).

Темекі өндірісі де өткен жылмен салыстырғанда 1,2-ға өсіп отыр.

Өзгелердің жаңалығы