Қазақстанда телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылды

15 Қаңтар 2020, 10:02
2171
Бөлісу:
Қазақстанда телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, яғни 15 қаңтарда профилактикалық жұмысқа байланысты Қазақстанда телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлады "Қазтелерадио" компаниясы. 

2020 жылғы 15 қаңтарда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, - делінген хабарламада.

"Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Бұл жұмыс телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз, - деп хабарлады "Қазтелерадио" компаниясы.

Өзгелердің жаңалығы