Қазақстанда нанды тек қаптамада сатуға кеңес берілді – Министрлік

16 Наурыз 2020, 08:56
1148
Бөлісу:
Қазақстанда нанды тек қаптамада сатуға кеңес берілді – Министрлік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда COVID-19 коронавирусының пандемиясына байланысты төтенше жағдай енгізілгеннен кейін бірқатар ұсыныстар жасады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Агенттік санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейте отырып, ірі сауда нысандарының жұмыс істеуін 10.00-18.00 аралығында жұмыс істегені жөн деді.

Сауда орындарының аумағында кинотеатрлар, балалар орталықтары және басқа да ойын-сауық орындары жабылуы керек. Азық-түлік дүкендері, азық-түлік супермаркеттері және азық-түлік базарлары әдеттегідей санитарлық-эпидемиологиялық және дезинфекция шараларымен жұмыс істеуі керек.

Нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді сату тек қапталған түрде жүзеге асырылуы керек.

Азық-түлік сатпайтын базарлар таңғы 11:00-ден кешкі 17:00-ге дейін ғана жұмыс істегені дұрыс, - делінген ведомство хабарламасында.

Еске салайық, Президент коронавирус пандемиясына байланысты ел аумағында халықтың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында бір айлық төтенше жағдай жариялады.

Өзгелердің жаңалығы