Қазақстанда карантин кезінде бензинге сұраныс төмендеді

18 Мамыр 2020, 18:55
1260
Бөлісу:
Қазақстанда карантин кезінде бензинге сұраныс төмендеді
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов өткен төрт айда жанар-жағармайға сұраныс қандай болғанын айтты.

Бензин мен дизель отынын тұтынуға деген сұраныс былтырғы жылмен салыстырғанда 9-10% төмендеді. Ал ақпан мен наурыз айын алып қарасақ, онда бензиннің едәуір төмендегенін байқаймыз. Шамамен 30% көлемінде. Кейбір күндерді жекелей өткен жылдың осы кезеңдерімен салыстырғанда 60% дейін азайғаны байқалады, - деді Мағауов.
Оның айтуынша, бұл жағдай мұнай базалары мен мұнай өңдеу зауыттарындағы қордың өсуіне әкелген. Осыған орай, мұнай көлемінің өсіп кетуінің алдын-алу шаралары қабылданған.
Әрине,бұл жағдай мұнай өнімдерінің қорының өсуіне әкелді. Біз мұнай экспорттайтын компаниялардың мүмкіндіктерін арттырдық. Салық салудың тиісті шаралары көзделді. Экспорттық кедендік баж салығы және акциздерден босату қарастырылды. Бірақ көрші елдерде де мұнай өнімдеріне сұраныс төмендеді. Олар да карантиндік шараларды қабылдады. Біз мұнай өнімдерінің шектен тыс артып кетпесі үшін мұнай өңдеу зауыттарымызды минималды технологиялық режимге ауыстырдық, - деді вице-министр.
Карантин шаралары жеңілдеген кезде тұтыну динамикасы тіпті төмендеп кетуі мүмін екенін айтты.
Өзгелердің жаңалығы