Қазақстанда былғары өңдейтін зауыт бар екен

10 Сәуір 2020, 21:44
5710
Бөлісу:
Қазақстанда былғары өңдейтін зауыт бар екен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінде шығарылатын тауарлар құрылымында тоқыма бұйымдары өндірісі 62 %, киім өндірісі 30 %, былғары мен оған жататын бұйымдар өндірісі 8 % құрайды.

Еліміздегі былғары өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі - "ALMATY TANNERY+ (Алматы былғары зауыты+)" ЖШС. Кәсіпорын былғары өндірісі нарығында 2007 жылдан бастап жұмыс істейді. Зауыт Алматы облысы Қарасай ауданында орналасқан. Ірі қара малдың былғары шикізатын өңдеумен айналысатын өндіріс ошағын итальялық мамандар жобаланған. Бүгінгі таңда дайын өнім аяқ киім, жиһаз және өңдеу өндірісінде қолданылады.

Кәсіпорында мынадай функционалдық кешендер бар: WET BLUE хром иленуінің жартылай фабрикатына шикізатты өңдеу өндірістік цехы, Grust цехы (КРАСТ), дайын былғары өндіру цехы және жөндеу-механикалық цех.

"WET BLUE" хром иленуінің жартылай фабрикатына шикізатты өңдеу цехының өндірістік қуаты 2 500 тонна ІҚМ шикізатын құрайды. Айына 5 млн.шаршы фут тауар өндіріледі. Цехта әрқайсысы 12 тонна сыйымдылығы бар 17 барабан жұмыс істейді.

"Crust" (КРАСТ) цехында 3P, Mosconi, Pajusco, Cartigliano, Bauce және т.б. Итальяның жетекші өндірушілердің заманауи жабдықтары орнатылған. "CRUST" (бөлінген және боялған) былғары өндірісінің айлық жобалық өнімділігі 1 млн.шаршы футты құрайды.

Дайын былғары өндіру цехы өткен жылдың мамыр айынан бастап жұмыс істейді. Бұл цехты іске қосу арқылы былғары өнімдерін өндірудің тұйық циклі жасалды: ІҚМ терісін бастапқы өңдеуден бастап терең өңделген былғарыға дейін. Цехтың өндірістік қуаты айына 350 000 шаршы фут.

Ұзақ даму жолынан өткен былғары өндірісі - әлемнің көптеген елдерінің жеңіл өнеркәсіп бағытындағы алдыңғы қатарлы салаларының бірі. Ол ғылым, техника және жаңа технологиялардың озық жетістіктерін пайдаланады. Біздің елімізде де былғары өндірісін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы, былғары кәсіпорындары үшін шикізат жетіспеуіне байланысты 2019 жылы алты ай мерзімге (10 наурыздан 10 қыркүйекке дейін) ірі қара мал терісін шығаруға тыйым салынды.

Сондай-ақ негізгі кооперацияны ескере отырып, сүт, тері, жүн қабылдау пункттерін құру мен дамытуды қаржыландыруды көздейтін "Бірлік" несие бағдарламасына өзгерістер енгізілді.

Сонымен қатар, 2019 жылғы наурызда Үкімет 2019-2021 жылдарға арналған жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі жол картасын мақұлдады. Онда кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету, тауарлардың заңсыз айналымына қарсы күрес, қазақстандық қамту үлесін арттыру, экономикалық ынталандыру шаралары, сондай-ақ жүйелі қолдау бойынша шаралар көзделген.

Өзгелердің жаңалығы