Қазақстан қауіпсіз елдер қатарында

30 Қаңтар 2019, 09:25
2294
Бөлісу:
Қазақстан қауіпсіз елдер қатарында

Алматы, BAQ.KZ,тілшісі. Global Finance журналы ең қауіпсіз елдер рейтингін жасаған, ол жерде Қазақстан 44 орыннан көрінді, деп жазды Zakon.kz.


Рейтингте мынандай факторлар ескерілген: әскери қақтығыстың болу ықтималдығы, халықтың дербес қауіпсіздігі, экономикалық даму, сонымен қатар табиғи апаттың болу ықтималдығы.

Ең қауіпсіз ел деп Исландия аталған. Сондай-ақ, алғашқы ондыққа Швейцария, Финляндия, Португалия, Австрия, Норвегия, Катар, Сингапур, Дания және жаңа Зеландия елдері кірген.

Қазақстан 128 елдің ішінде 44 орында, оның алдында Жапония тұр. Армения – 62 орында, Тәжікстан- 68, Әзербайжан-78, Қырғызстан-89, Ресей-108, Украина -116 орында.

Ең соңғы ондықты Венесуэла, Мали, Чад, Бангладеш, Колумбия, Пәкістан, Нигерия, Сальвадор, Гватемала, Йемен және Филиппин елдері түйіндеген.
Өзгелердің жаңалығы