Қазақстан Өзбекстанмен тауар айналымын арттырмақ

20 Тамыз 2020, 12:01
1352
Бөлісу:
Қазақстан Өзбекстанмен тауар айналымын арттырмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан мен Өзбектан арасындағы тауар айналымы екі есеге дейін артпақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

Екі елдің мемлекет басшылары Үкімет алдына тауарайналымы көлемін жылына 10 млрд долларға дейін жеткізу жөнінде міндет қойған. Минстрдің айтуынша, қазіргі күні Өзбекстан мемлекетімен техникалық реттеу мен сәйкестендіру мәселелері талқылануда.
Мұндағы басты шешуші рөлді құрылып жатқан халықаралық Орталық азия сауда экономикалық ынтымақтастық орталығы атқармақ. Қазіргі күні аталмыш жобаны іске асыруға кірістік, ынтымақтастықты дамытудың жол картасы жасалды. Пандемияға қарамастан серіктестерімізбен бұл жобаны сәтті жүзеге асырамыз деп ойлаймын. Өйткені бұл екі ел үшін де табысты болмақ, - деп атап өтті Бақыт Тұрлыханұлы.
Сондай-ақ, министр осыдан бір жыл бұрын құрылған ведомствоның осы аралықта атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді. Минстрдің айтуынша пандемия сауда экономика саласына да салқынын тигізді. 2019 жылы сыртқы тауар айналымы алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,4 пайызға өсіп, 96,1 млрд долларды құраған.

Алайда соңғы жарты жылда 7,4 пайызға төмендеп, 42,5 млрд долларды құрап отыр. Сондай-ақ соңғы 2 жылда ішкі тауар айналымы 11 проценттік қарқынмен өсіп, 37,5 трлн теңгеге жеткен. Десе де жарты жылдың есебі бойынша, 6,9 пайызға төмендеп, 14,9 трлн теңгені құрады
Өзгелердің жаңалығы