Қазақстан теленарығында 5 жылда не өзгерді

12 Қыркүйек 2019, 11:56
2395
Бөлісу:
Қазақстан теленарығында 5 жылда не өзгерді
Фото: Артём Чурсинов

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның жарнама нарығында телеарналар әлі көш бастап тұр.

Бұл туралы Astana Media Week форумының екінші күнінде өтіп жатқан «IDTribune – Азияның жарнама дауысы» сессиясында Орталық Азия жарнама қауымдастығының бас директоры Ильмурод Джумаев айтып берді. 

«Қазақстанда телевизия әлі күнге дейін көш басында келеді. Мысалы, 2018 жылы Ресейде интернет телевизияны асып озған болатын. Телевизия әлі де ұзақ уақыт бойы көп қамтитын медиа күйінде сақталады деп ойлаймын. Өткен 5 жыл күрделі болды. Бұл барлық салаға қатысты, экономикаға да оңай болған жоқ. Себебі, 2014 жылы дағдарыс басталды. Оләлі де аяқталған жоқ», - деді Ильмурод Джумаев. 

Спикердің айтуынша, аталған үрдіс барлық салаға кері әсерін тигізді. 

«2014 жылы теңгенің құлдырауы болды. Қазір теңге құлап жатыр деуге болмайды, ол еркін ағынға шықты. Қазақстанда өндіріс те доллар бағамына қатысты екенін білеміз. Сол себепті 2016 жылы шетелдік арналардың жарнамасы қысқарды. 2019 жылы өсім болатынына сенімдіміз, алайда айтарлықтай жоғары көрсеткіштердің болмауы ықтимал” - деді сарапшы. 

Сонымен қатар, маман қазірдің өзінде интернетке қарағанда теледидар қарау жоғары көрсеткішке ие екенін атап өтті. 

«2018 жылдың қорытындысы бойынша -8% болса, биыл тенденция -4% құрады. Қазақстан мен Ресей телевизиялық жарнамаға бір адам басына шаққанда доллар көрсеткішімен бірдей ақша жұмсайтын болып отыр» - деді ол. 

Бұған дейін осы сессия барысында «International Media Servis» компаниясының бас директоры Ділмұрат Рахимов Қазақстан жарнама нарығында 145 млн доллар барын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы