Қазақстан мұнай өндіруде ОПЕК+ келісімін қолдады

7 Маусым 2020, 11:28
1203
Бөлісу:
Қазақстан мұнай өндіруде ОПЕК+ келісімін қолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 шілдеде ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің кездесуі өтті, оған энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қатысты, деп хабарлады ҚР ЭМ баспасөз қызметі.

Нұрлан Ноғаев қазіргі келісім әлемдік мұнай индустриясына оң әсер етіп, қойма тауар іркілуі болмағанын, ол өз кезегінде мұнайдың әлемдік бағасының өсуіне серпін бергенін атап өтті.

Кездесу барысында тараптар мұнай өндіру көлемін тәулігіне 9,7 млн баррель деңгейінде қалдыруды шілде айының соңына дейін ұзартуға шешім қабылдады, - деп хабарлады энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.



Өзгелердің жаңалығы