Қазақстан ФИФА рейтингінде 5 сатыға төмендеді

Қазақстан ФИФА рейтингінде 5 сатыға төмендеді
1498

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық футбол қауымдастығы 2019 жылдың қазан айына арналған ұлттық құрамалардың рейтингісін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Өткен айдың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы бес сатыға төмендеп, 121-орынға жайғасты.

Қазақстан құрамасы қазан айында 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде екі ойын өткізді. Біздің футболшылары Кипр (1:2) мен Бельгия (0:2) құрамаларына жол берді.

ФИФА рейтингісі:

1. Бельгия — 1755
2. Франция — 1726
3. Бразилия — 1715
4. Англия — 1651
5. Уругвай — 1642
6. Португалия — 1632
7. Хорватия — 1631
8. Испания — 1625
9. Аргентина — 1617
10. Колумбия — 1615

37. Ресей — 1474
53. Шотландия — 1406
93. Кипр — 1263
121. Қазақстан — 1157
209. Сан-Марино — 831.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы