Қазақстан автозауыттары бір жылда 185 млрд теңгенің өнімін шығарған

10 Наурыз 2019, 14:53
1328
Бөлісу:
Қазақстан автозауыттары бір жылда 185 млрд теңгенің өнімін шығарған

Алматы, BAQ.KZ. Өткен жылы Қазақстан автозауыттары өндіріс көлемін 72% арттырып, 185 млрд теңгенің өнімін шығарған. Бұл туралы 24kz сайты хабарлады.

Қаржыгерлердің пайымдауынша, еліміздегі автоиндустриясы экономиканың шикізаттық емес секторындағыы ең қарқынды дамып жатқан саланың бірі.

Мәселен, Өскемен қаласындағы жаңа автозауыт келесі жылы 60 мың автокөлік шығаруды жоспарлап отыр. Қазір онда көлемді құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

«Осы жылы цехтың құрылысын бітіруді және жабқытарды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Техникалық тексерістен кейін зауыт 2020 жылы 60 мыңдай автокөлікті өндіреді. Кәсіпорынғақосымша мыңға жуық жұмысшы қажет болады», - дейді кәсіпорынның техникалық даму жөніндегі директоры Дмитрий Попов.

Оның айтуынша, жас мамандарды зауытқа дайындау жүріп жатыр. Механиктер жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның базасында үйретіліп жатыр екен.

«Жаңа технология бойынша механиктер 20 автокөлікті 320 секундқа жылдам құрастыруда. Жылдамдатылған жұмыстың арқасында машина өндіру ісі бір жыл ішінде 25% артқан»,-дейді Д. Попов.

Өскемен автоөндірушілері осы жылдың соңына дейін автосалонға 30 мың жаңа көлік жеткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы