Қазақ-орыс халықаралық университеті лицензиясынан айырылуы мүмкін

8 Қараша 2019, 01:57
3081
Бөлісу:
Қазақ-орыс халықаралық университеті лицензиясынан айырылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 қарашада "Қазақ-орыс халықаралық университеті" халықаралық жоғары оқу орнына қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама мен әкімшілік іс материалдарын қарау мерзімі университеттің өтініші бойынша екі рет ұзартылған.

Университеттің заңды өкіліне істің қаралатын орыны мен уақыты туралы тиісті түрде хабарланды. Заңды өкілдің келмеуіне байланысты істі заңды тұлғаның қатысуынсыз қарау туралы шешім қабылданды.

Тексеріс қорытындысы бойынша осы қаулы күшіне енген сәттен бастап аталған оқу орнына қатысты 1 ай мерзімге жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру лицензиясын тоқтата отырып, әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарылды, - делінген хабарламада.

Заңды тұлғаға аталған ескертулерді жоюға 1 ай беріледі. Бұзушылықтар жойылмаған жағдайда аталған оқу орнын лицензиясынан айыру үшін материалдар сотқа жіберілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы