"Айыппұлы көлігінен қымбат". Шымкентте 33 млн теңге қарызы бар жүргізуші анықталды

18 Қаңтар 2024, 17:36
540
Бөлісу:
"Айыппұлы көлігінен қымбат". Шымкентте 33 млн теңге қарызы бар жүргізуші анықталды
Фото: BAQ.KZ - архив

Полиция көлікті айып тұрағына қойды. Енді оны алу үшін жүргізуші қарызын толық өтеуі тиіс, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz мәліметінше, мұндай фактілерді анықтауда жұмыс планшетіне орнатылған "Қорғау" бағдарламасының көмегі көп.

Қала жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кезекшілікке түскен патрульдік полиция полкінің инспекторлары қарызы өтелмеген автокөлік туралы ақпарат алды. Полиция мұндай мәліметтерді жұмыс планшетіне орнатылған "Қорғау" бағдарламасы арқылы табады. Тәртіп сақшылары Hyundai Elantra көлігін Рысқұлов көшесінде тоқтатып, айып тұрағына қойды. Көлікті алу үшін қарыз толық өтелуі тиіс, - делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы