Айыппұлдың бар-жоғын енді «e-Salyq Azamat» қосымшасы арқылы білуге болады

13 Қыркүйек 2021, 13:21
1627
Бөлісу:
Айыппұлдың бар-жоғын енді «e-Salyq Azamat» қосымшасы арқылы білуге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Айыппұлды тексеру функциясы «e-Salyq Азамат» мобильді қосымшасында пайда болды. 

Осылайша, қосымша интерфейсінде қазақстандыққа қажетті барлық сұранысты шоғырландыра отырып, қызмет аясын кеңейтті, деп хабарлайды Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

«е-Salyq Azamat» әзірлеушілері қолданыстағы қызметтерге әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін төленбеген айыппұлдарды тексеру мүмкіндігін қосты. Қосымша арқылы айыппұл түрін және мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, «реквизиттер бойынша төлеу» қызметінде жүзеге асыру мүмкін.

Бұл функция қолжетімді болуы үшін AppStore және/немесе PlayMarket -те мобильді қосымшаны жаңарту қажет (мобильді құрылғы моделіне байланысты).

Жалпы, «е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын қолданушылар саны 700 мың адамға жетті.

Қазіргі кездегі ең сұранысқа ие қызмет – Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінде декларацияны тапсыру қызметі. Бүгінгі таңда мобильді қосымшаның көмегімен 308 405 қазақстандық декларациясын тапсырды.

«е-Salyq Azamat» тегін мобильді қосымшасын App Store немесе Play Market-тен жүктеуге болады. Авторизация әдістері туралы ақпарат мобильді қосымшада бар.

Қосымшаны пайдалану бойынша қадамдық нұсқаулар МКК YouTube каналында орналастырылған.

 

 



Өзгелердің жаңалығы