Айыппұл тұрағында жүргізушілермен кездесу өтті

25 Мамыр 2021, 12:25
6180
Бөлісу:
Айыппұл тұрағында жүргізушілермен кездесу өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау гарнизонында айыппұл тұрағының аумағында әскери-техника жүргізушілерімен және жеке көлік иелерімен кездесу өтті.

Іс-шара гарнизон әскери полиция бөлімінің қызметкерлерінің бастамасымен өтті. Оның негізгі мақсаты жол ережесін бұзудың салдарын жүргізушілерге көрсету болды.

Айыппұл тұрағында жүргізушілермен кездесу өтті

Әскери полиция қызметкерлері жол оқиғасының қандай жағдайда болғанын және оның салдары туралы ғана айтып қоймай, апаттардан кейін көлік құралдарын да көрсетті.

Айыппұл тұрағында өткізілген осындай сабақтың нәтижесінде біз әрбір әскери қызметші дұрыс қорытынды жасап, жолаққа шыққанда өте мұқият болады деп үміттенеміз, өйткені өзіне деген сенімділіктің шамадан тыс артып кетуі немесе жол ережелерін елемеу өте үлкен зардап алып келуі мүмкін - деді гарнизон әскери полиция бөлімінің орынбасары әділет майоры Дархан Бақытбек.

Айыппұл тұрағында жүргізушілермен кездесу өтті

Сабақ соңында әскери полиция қызметкерлері әскери қызметшілермен әңгіме жүргізіп, нұсқаулықтары бар естелік парақшаларын таратты.

Өзгелердің жаңалығы