«Айыппұл төлеңіз»: Қазақстандықтарға қауіпті SMS келіп жатыр

Алаяқтар жалған хабарлама арқылы тұрғындардың банк деректерін қолға түсіруге тырысып жатыр.

 ©ҰҚК баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 11:50
Бүгiн 2026, 11:50
156
Фото: ©ҰҚК баспасөз қызметі

Қарағанды облысында жалған айыппұл хабарламаларын жіберетін алаяқтар көбейген.

Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тұрғындарға «ҚР Жол полициясы департаменті» атынан SMS-хабарламалар келіп жатыр. Онда көрсетілген сілтеме арқылы айыппұлды шұғыл төлеу талап етіледі.

Полиция департаменті мұндай хабарламаларды алаяқтар таратып отырғанын ескертті. Олардың мақсаты – азаматтардың банк деректерін қолға түсіріп, есепшоттағы ақшасын иемдену.

Полицейлер тұрғындарды күмәнді сілтемелерге өтпеуге және белгісіз сайттарға банк картасының мәліметтерін енгізбеуге шақырды.

Айыппұлдың бар-жоғын тек ресми мемлекеттік сервистер – qamqor.gov.kz, eGov.kz порталдары мен банк қосымшалары арқылы тексеруге болады.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қарағанды полициясы (@policeofkaraganda)

Наверх