Айтжанов командадағы допинг дауына қатысты пікір білдірді

9 Сәуір 2023, 10:18
1066
Бөлісу:
Айтжанов командадағы допинг дауына қатысты пікір білдірді
Фото: © bassport.kz

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі, 2022 жылғы Азия біріншілігінің қола жүлдегері Саматәлі Төлтаев допинг дауына байланысты командадан шеттетілді деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Бұл туралы бас бапкер Мырзағали Айтжанов мәлімдеді.

Мен командаға келген соң, қайтадан дәрігерлерді, ғылыми кешенді топ қызметкерлерін жинап, жұмыс істей бастадық. Олар жігіттерге допинг туралы үнемі ескертіп отырады. Тіпті, көшеден су ішуге болмайтынын да ескертеміз. Ал Саматәлі достарының, таныстарының айтуымен витамин ішемін деген ойда болған. Бүгінде одан екінші сынама алынады. Халықаралық комиссия шешеді бәрін. Қазір оны үйіне қайтардық. Жаттығу жиындарында жоқ. Боксшылар мамандар мен дәрігерлердің бақылауында, - деді бас бапкер.

Bassport.kz-тің мәліметінше, Саматәлі Төлтаевтың допинг қолданғаны дәлелденсе, төрт жылға спорттан шеттетілуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы