Айтылмаған бір әнім бар...

18 Қараша 2021, 09:53
2296
Бөлісу:
Айтылмаған бір әнім бар...
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халық арасында «Қазақтың қоңыры» атанған ҚР Еңбек сіңірген әртісі, әнші Нұрлан Өнербайдың 60 жасқа толуына орай «Айтылмаған бір әнім бар» шығармашылық кеші өтті.

Айтылмаған бір әнім бар...

Аталған кеш Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен елордалық «Астана» концерт залында, санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып өтті.

Айтылмаған бір әнім бар...

Концертте Музыкалық жас көрермендер театрының әртістері мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Саят Медеуов, Тоқтар мен Бейбіт, «Славян базары - 2021» халықаралық фестивалінің Гран-При иегері Рухия Байдүкенова, «Junior Eurovision - 2020» халықаралық байқауының лауреаты Ержан Максим, «Славян базары - 2019» халықаралық фестивалінің Гран-При иегері Әділхан Макин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Қанат-Света Айтбаевтар және басқа да өнер қайраткерлері қатысып, қоңыр дауысымен барша қазақтың жүрегіне жол тартқан әнші Нұрлан Өнербайдың орындауындағы әндерді шырқады.

Айтылмаған бір әнім бар...

Кең байтақ қазақ еліне танытып тыңдарманның көңіл төріне көтерген, маған көп әндерін сыйға тартқан, кешегі Шәмші ағамыздан бастап, Нұрғиса ағамыздың, Әсет ағамыздың, Кеңес ағамыз. Сонымен қатар, тамаша жырларымен тыңдарманның жүрегіне мөр басқан ақын ағаларым Тұманбай аға, Қайрат ағам, Нұрсұлтан Әлімқұлов ағам, Шөмішбай ағам «Қарағым-ай» әніне қанат бітірген ағаларымның алдында басымды иіп тағзым еткім келед – дейді әнші.

Айтылмаған бір әнім бар...

Ол қазақ әндері тыңдарман жүрегінен  ешқашан өшпес үшін әндерді қайталап айтып отыру керек дейді.

Айтылмаған бір әнім бар...

Мен осы ән айтып келе жатқан 37-38 жылымда өзім ғана сахнада көрерменіммен қауышатынмын. Осы жолы жаңағы аты аталған композитор, ақын аға-апаларымыздың атын жаңғыртып, бүгінгі жастардың орындауында әрі қарай өміршең болуын қаладым. Менің орындаған кейбір тамаша қанатты әндерім бүгін жас орындаушылардың менің сахнадағы іні бауырларымның үзеңгілес әріптестерімнің ән қоржынына түсе бастағанын байқадым. Бүгінгі кешке өзімнің шығармашылық кешіме арнайылап шақырдым.- дейді, Нұрлан Өнербай.

Айтылмаған бір әнім бар...

Шара барысында бейнеархивтер көрсетіліп, Музыкалық жас көрермендер театрының әртистері театрландырылған көрініс арқылы әншілігімен қоса актерлік өнер саласына да қосқан үлесі, сонымен қатар ерекше қоңыр үнімен көптеген халық туындылары өшпестей болып қазақ радиосы, телеарналардың алтын қорларынан орын алғандары айтылды.

Айтылмаған бір әнім бар...

Кешке келген көрермен қауымы әншінің өмірі мен шығармашылығымен  танысып, халық жүрегінен терең орын алған әндерін тыңдап, рухани сусындап қайтты. 

Өзгелердің жаңалығы