Әйтенов: Шымкентте екі агроиндустриялды аймақ ашылады

9 Желтоқсан 2021, 13:10
1536
Бөлісу:
Әйтенов: Шымкентте екі агроиндустриялды аймақ ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы өңір әкімі Мұрат Әйтенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. 

Оның айтуынша, жылыжай кешендерін ашудың арқасында алдағы 5 жылда ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі 2 есеге артады. 

Президент  Жолдауында агро-өндірісте қордаланған мәселелерді шешу қажеттігін айтты. Бұл бағытта 2 бірдей агроиндустриялды аймақ ашуды қолға алдық. Біріншісі, ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеуге бағытталған «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы. Бүгінде инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы басталды. Мұнда құны 23 млрд теңге болатын 1 810 жұмыс орны мен 21 жоба іске асады. Екіншісі, 198 гектарға заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешендері аймағы құрылатын болады. Мұнда 8,2 млрд теңгеге 241 жұмыс орны мен 6 жоба іске асады. Нәтижесінде алдағы 5 жылда ауылшаруашылық өнім көлемін 2 есеге арттыру көзделуде, - деп хабарлады ол. 

Сонымен Мұрат Әйтеновтің мәліметінше, Президенттің тапсырмасымен жеке қосалқы шаруашылықтардың көтерме-тарату орталықтар жүйесіне қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар істеліп жатыр. Оның айтуынша, қалада 4 жаңа қойма салынады. 

Қалада 90 мың шаршы метр болатын 6 климаттық заманауи қоймалар бар, қосымша сауда-логистика аймағында 4 жаңа қойманың құрылысы жоспарланып отыр. Ауылшаруашылығы өндірушілері өндірген өнімдерін көтерме бағамен өткізу мақсатында 1 көтерме-тарату орталығы салынатын болады. Одан бөлек, мал шаруашылығын жем-шөппен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылға жергілікті бюджеттен жем-шөп шығындарын арзандатуға 248,0 млн  теңге қаржы бөлінді, - деді әкім.

Өзгелердің жаңалығы