Әйтенов аурухана құрылысымен танысты

16 Қараша 2020, 23:51
1526
Бөлісу:
Әйтенов аурухана құрылысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының «№2 қалалық аурухана» МКК ғимаратына бүгінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

Аурухана аумағында үш ғимарат орналасқан: стационар, босану бөлімі және емхана бөлімшесі. Қала әкімі М.Әйтенов әлеуметтік нысанның құрылыс барысымен танысты.

Келісімшарт бойынша құрылыс жұмыстарының уақыты 11 айға – 2020 жылдың ақпан айынан желтоқсан айы аралығына жоспарланған еді. Мердігер мекеме «Югстройсервис-н» ЖШС құрылысты кестеге сәйкес жүргізуде.

Қазіргі таңда нысанның бас ғимараты – стационарда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған. Ал босану бөлімі ғимараты мен емхана ғимаратында жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы