Әйтенов: Тұрғындар мәселесін шешуде барлық мүмкіндікті қарастырамыз

21 Тамыз 2020, 18:50
2012
Бөлісу:
Әйтенов: Тұрғындар мәселесін шешуде барлық мүмкіндікті қарастырамыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің онлайн қабылдауына жазылған ерлі-зайыптылар тұрғын үй саласы бойынша мәселесін ортаға салды. 

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың айтуынша, кезегі жетіп мемлекет тарапынан беріліп жатқан 2 бөлмелі пәтердің отбасы мүшелері үшін тар болатынын жеткізді. Сонымен қатар, үйдің отағасы әйелі Алимханова Динаны мүмкінді шектеулі азаматтар тобына кіргізу жөнінде өтінішін білдірді. 

Қазіргі таңда үш бөлмелі пәтерлердің бос болмауына байланысты, сіздерге екі бөлмелі пәтер ұсынылған болатын. Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін тұрғын үйлерден отбасыңыз үш бөлмелі пәтер кілтін алатын болады. Өкінішке қарай, мемлекет тарапынан төрт не одан көп бөлмелі пәтерлер салынып жатқан жоқ. Біз тұрғындар үшін заң аясында барлық мүмкіндікті қарастырамыз, - деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Сонымен қатар, онлайн қабылдау барысында жер құжаттарын рәсімдеу, бизнес жоспарына қолдау білдіру сынды мәселелер көтерілді.

Мұрат Әйтенов тұрғындардың арыз-шағымдары бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріп, өз бақылауына алғанын айтты. 

Өзгелердің жаңалығы