Айнұр Тұрсынбаева немерелі болды

18 Маусым 2023, 04:25
7172
Бөлісу:
Айнұр Тұрсынбаева немерелі болды
Фото: Instagram/aidyn_nury

Түркияда тұрып жатқан айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева немерелі болып, әже атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сүйінші хабармен Айнұр Тұрсынбаеваның өзі Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

Ал сүйінші! Кеше ғана үйленген Беклан мен Мәдинам бүгін ата-ана атанды! Толғақ 40 сағатқа созылды... Алланың шексіз мейірімімен бүгін таңғы сағат 4.25-те Әлем Бекланұлы дүниеге келді! Қазақтың атын әлемге танытатын мықты ұлдардың қатарында болсын дедік... Барлықтарыңызға жұғысты болсын, - деп жазды ол.

Сондай-ақ ақын қуанышты күні тілек білдірген 5 адамға 10 мыңнан сыйлық болатынын да айтып, өз парақшасына жазылушылардың делебезін қоздырып қойды.

Айта кетсек, өткен жылы Айнұр Тұрсынбаева келін түсіріп, Түркияда дүркіретіп той өткізген болатын.

Өзгелердің жаңалығы