«Айналым схемасы» бойынша 260 кәсіпкерлік 43 млрд теңгенің келісімін жасады

28 Сәуір 2022, 16:39
3238
Бөлісу:
«Айналым схемасы» бойынша 260 кәсіпкерлік 43 млрд теңгенің келісімін жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда және интеграция министрлігі "айналым схемасы" шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген қаржыландыру ұсыну бағаны тұрақтандыру бойынша нәтижелі нарықтық шаралардың бірі болып табылатынын хабарлайды. 

Маусымаралық кезеңде "айналым схемасы" шеңберінде міндеттемелер алған сауда объектілеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы "үй жанындағы" дүкендерге және базардағы бағаларға қарағанда төмен екенін көрсетті.

Айналым схемасы - өндірушілерге жеңілдетілген несие беру арқылы тауарларды белгіленген бағамен сату міндеттемелерін енгізу болып табылады. Кредиттік ақша сауда желілеріне төмен бағалар кезеңінде өнімді алдын ала сатып алуға және өндірушілермен форвардтық шарттар жасасуға көмектеседі.

Қаражат жергілікті атқарушы органдардың бюджетінен бөлініп, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арқылы кәсіпкерлік субъектілеріне несие түрінде беріледі. Сонымен қатар сауда субъектілеріне де, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндірушілерге де бөлінеді.

"Айналым схемасына" қатысу үшін кәсіпкерлерге қойылатын талаптар барынша ашық және қолжетімді болып табылады. Ол 2019 жылы АШМ министрінің бұйрығымен бекітілген ӘМАТ бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларында (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1900019123) көрсетілген.

Жеңілдікті несиені алу үшін кәсіпкерлік субъектілері заңнамада белгіленген критерийлерге сәйкес келуі шарт.

Бағаны тұрақтандыруға және "айналым схемасы" құралы бойынша жеңілдікпен кредит алуға мүдделі сауда субъектісі аймақтық әкімдікке және әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияға жүгіне алады. Қатысушыларды іріктеу өңірлерде бағаны тұрақтандыру жөніндегі өңірлік комиссияның ұсыныстары негізінде жүргізіледі.

Қазіргі уақытта айналым схемасы шеңберінде Қазақстан Республикасында 260 сауда субъектілерімен (сауда желілері, дүкендер) және тауар өндірушілермен (шаруа қожалықтары, наубайханалар және т.б.) шарттар жасалды. Жасалған келісімшарттардың жалпы сомасы 43 млрд. теңгені құрады.

Анықтама:

Жеңілдетілген несие 2019 жылдың ортасынан бастап енгізілді. Бастапқы пилоттық кезеңде 2019 жылы 2,3 млрд.теңге, 2020 жылы – 11,8 млрд. теңге бөлінді. Бұл тетік өзінің тиімділігін көрсетті және 2021 жылғы желтоқсанға қарай "айналым схемасын" қаржыландыру 50,5 млрд теңгеге дейін жеткізілді.

Бөлінген қаражат сауда субъектілеріне тауар өндірушілерден белгіленген баға бойынша тауарларды сатып алуға және оларды нарықтық бағадан төмен сатуға мүмкіндік береді.

Мәселен ақпан айында Сауда комитеті картоп бағасына талдау жасады. Сауда желісінде картоптың 2 түрі бар екені анықталды: "айналым схемасы" бойынша тіркелген баға 112 теңге, коммерциялық  - 260 теңгеден сатылған. Сауда желісінде картопты сату көлемі "айналым схемасы" бойынша – 96 тонна, коммерциялық баға бойынша - 32 тоннаны құрайды. Осылайша "айналым схемасы" бойынша сатылатын өнімдерге деген сұраныстың жоғары екенін көріп отырмыз.

Берілген 43 млрд.теңге ел тұрғындарының (қала тұрғындарының 2,2%) ӘМАТ-қа деген қажеттілігінің бар болғаны 1,3%-ын қамтамасыз ете алады. Бұл қазіргі жағдайда ӘМАТ бағасын тиімді ұстауға жеткіліксіз екенін ескерсек, өңірлер сәуір айының соңына дейін «айналым схемасы» аясында қаржыландыру көлемін 100 млрд теңгеге жеткізуі қажет.

Соманың ұлғаюы егіс сатысында белгіленген бағамен көбірек өнім көлемін келісімшарт жасауға мүмкіндік береді. Осылайша, бөлшек саудагерлер өндірушілерден тиісті көлем алып, егін жиналғаннан кейін бірнеше ай ішінде тауарларды төмен бағамен жеткізуге кепілдік береді. Ал өндірушілер ауылшаруашылық жұмыстарын бастамас бұрын ақша алады және банк несиелеріне тәуелділігін азайтады.

«Айналым схемасы» қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жеңілдетілген қаржыландыру одан әрі келісім-шарттық шаруашылыққа көшіріліп, отандық арзан өнімді дамытуды ынталандырады деп болжанып отыр.

Айта кетсек, Сауда және интеграция министрлігінде өткен кездесуде Қазақстан сауда желілері Одағы Басқарма төрағасының орынбасары Эльбеги Әбдиев сауда желілерінің "айналым схемасы" құралын пайдалануға мүдделілігінің төмендегенін хабарлады.

Айналым схемасы» бойынша келісім-шарт жасасу кезінде біз тауарды бөлшек саудада өткізу бағасын бекітеміз. Бірақ сонымен бірге біз өндірушілер бағасының үнемі өсіп жатқанын көріп отырмыз. Келісімшарттардың талаптарын орындау үшін біз тауарларды сатып алу бағасынан төмен бағамен сатуға мәжбүр боламыз деген қауіптер артып келеді, - деді Әбдиев.

"Айналым схемасы"шеңберінде шарт жасасқан сауда субъектілерінің тізбесі

(әкімдіктер ұсынған дерек)

 

  1. БҚО: КХ Жана-Алем, ТОО Белес Агро, ТОО Пойма май комбинаты, ТОО Baystone, КХ Плотников, ИП Мусаева Д. Р., ИП Саяхат.
  2. Нұр-Сұлтан: "Астыкжан", "ВкусМарт", "Аян", Азат", Шапагат, Фермаг, "Анвар", Торговый дом "Акмол", Артем, ТРЦ "Сарыарка", ТД "Арай", Евразия, Хлебопекарни, Магнум, ТОО "Aqmol Food", "Смолл",
  3. Қостанай облысы: ТОО "RAUZET Сауда", ИП "Строй-Сити", ТОО "Промбаза-7", АО "Север-Птица, ТОО "Poultry-Agro", ТОО "Мибеко", ТОО "Olzha Produkt"
  4. Ақмола облысы: ТОО "ТД "Гормолзавод", ТОО "BLIC TERMINAL", ТОО "KOKSHE MARKET", ТОО "Зеренда Сактау Онемдери", ТОО "BLIC TERMINAL ", ТОО "BioPromTechnologies ", ТОО "ТД "Боровское яйцо"
  5. Қарағанды облысы: ИП Махсутова М.И., ИП Таштаев А.А.
  6. Павлодар облысы: ТОО "Кызылжар-Кус", ТОО "Grano PV", ТОО "Низкоцен" (супермаркет Inmart), ТОО "Техноснаб" (супермаркет Ваш), ТОО "Шарбакты-Кус" (производитель) , ТОО «Ет Бастау», ТОО «Inter Mall»
  7. СҚО: ТОО DEZ, ТОО Богатырский продукт, ТОО Рахат Опт, ФХ Агрос, ТОО Радуга, ТОО Blic Terminal, ТОО "Провиант Груп", ТОО Агро Грейн
  8. Атырау облысы: ТОО "Идеал Маркет", ТОО "Идеал Маркет", КХ "АгроФеликс", ТОО "Агро Казына ", ТОО "JCS-Corporation"
  9. Шымкент: ТОО "Hermes", ТОО "ЮПЕКС", ТОО "Gramad Retail", "Magnum Cash&Carry, КХ "Каскасу", КХ "Байтерек", ТОО "Шымкент кус", ИП "Темиршиков", ИП "Ахмедова" , ИП "Салин Тимур", Торговая сеть ТОО "Gramad Retail", ИП "Айдана", ИП "Момбетчеев", ТОО "Дос", ИП "Урунбеков", ТОО "Шымкент кус", ИП "Момбетчеев"
  10. Жамбыл облысы: социальные магазины, ИП Империя, КХ Шарипов, ИП Байлык-2014
  11. Қызылорда облысы: ТОО «Раманов и Ко», ИП Оразбердин, ТОО «Precision Builders», ИП «Амангелді», ТОО «Альбатур», ИП «Б.Нугманова», ИП «Алтын Сапа Орда», ТОО «Retail-A.A.», ИП «Алтайбаева Г.», ИП «Ниязбаева», ИП «Самбулатова», ИП «Аралбаева», ТОО "Retail A-A", ИП «Исаева», ИП «ADAL», ИП «Казиев», ИП «Айсара»,
  12. Маңғыстау облысы: AltynFood, Ройал Шади
  13. Алматы: ТОО "Magnum Cah&Carry", ТОО "Алсад Казахстан", ТОО "Asyl Meat", ТОО "Сабыржан Company"
  14. Түркістан облысы: ТОО "Magnum Cash&Carry", ТОО "Али Сауда", ТОО "Гажайып П", ТОО "Сайрам Сут"
  15. Ақтөбе облысы: ТОО "Рамазан"
  16. Алматы облысы: ТОО "Сабыржан Company", сеть магазинов "Тоймарт", ТОО " Когер ЛТД", ТОО "Ляззат-2016", ТОО "АксуКант", Торговый центр Санжар,  ИП Саргалдакова Н.Т. , ИП Базаркулова, магазин "Бирлик", Магазин «Кәусар» ИП «Баянбай Байболат», ИП Сайдулдинова , магазин Гастроном, ИП "Свет Ко" магазин "Коктем", ТОО ХБК "Аксай", КХ "Жумагали", ТОО "Sardar Export", ИП "Жибек Жолы", ИП "Азатова Б.Т."Продуктовый магазин, КХ "НАМ", КХ "Бимуратов А.", ТОО «Фирма «Алтай», КХ «Жалайыр», КХ «Нурдымакын», ТОО " Сары-Булак", ТОО " Райымбек НАН", КХ "Айсултан" , КХ "Нурбек", КХ "Ретай"
  17. ШҚО: Хлебопекарни.
Өзгелердің жаңалығы