Айна Задабек журналистерге қойылатын заман талаптарын атады

26 Қыркүйек 2024, 13:23
1028
Бөлісу:
Айна Задабек журналистерге қойылатын заман талаптарын атады
Фото: автордан

“Qazcontent” АҚ басқарма басшысы Айна Задабек “Индустрия 4.0” медиа заманында журналистерге үлкен талаптар қойылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистерге қазіргі уақытта қойылатын ең бірінші талап ол – бірегейлік, яғни ерекше болу. Оның ішінде креативтілік те, ерекше ойлау, ерекше форматта жұмыс істеу де бар. Екіншісі – медиа қауымдастық. Бизнес саласын қарасаңыздар да, PR саласын қарасаңыздар да, білім орталарына қарағанда қауымдастықтардың алатын орны және беретін білімі жоғарырақ болып отыр, – деді ол Astana Media Week-те сөйлеген сөзінде.

Айна Задабек журналистерге қойылатын заман талаптарын атады

Ол үшінші талап ретінде журналистің бір салаға мамандануы керегін атады.

Әр журналистің, әрбір медианың өзіндік бір нишасы болуы керек. Сол бағыт бойынша терең жұмыс істей берсе, салалық журналистика түгел дамиды. Келесісі – сараптама. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта терең сараптама жасалатын аналитикалық материалдар аз болып бара жатыр. Әлбетте, бұл заман талабы дейміз, қысқаша жалт-жылт еткен дүниеге қызығушылық бар дейміз. Дегенмен біз ақпарат кеңістігінің жауынгерлері болғандықтан, бұл саланы ұстап тұруымыз керек, – деді Айна Задабек.

Сондай-ақ “Qazcontent” АҚ басқарма басшысы мемлекеттік медианың басты мақсаты билік пен қоғамның арасындағы байланыс екенін естен шығармауға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы