Аймағамбетов университеттерді бір министрлікке беруді ұсынды

14 Қазан 2024, 11:32
881
Бөлісу:
Аймағамбетов университеттерді бір министрлікке беруді ұсынды
Фото: Арман Мухатов -архив

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Мәжілістегі Үкімет сағатында еліміздегі университеттерді тек бір министрліктің басқаруына беруді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Университеттерді бір министрлікке беру мәселесін қарастыру ұсынылады. Бүгін әр министрлік бөлек басқарады. Бөлек университеттері бар. Ауыл шаруашылық министрлігінің өз университеттері бар. Мәдениет министрлігінде өз университеттері бар. Әр министрлікте, әр агенттікте өз университеттері бар. Менің ойымша, мұның барлығын тек Жоғары білім министрлігі ұйымдастырғаны жөн, - деп ұсынды депутат Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Сондай-ақ Үкімет сағатында білікті мамандар неге өз мамандығы бойынша жұмыс істемей жүргені,   жалақысы кедейлік шегінен аспай отырған мамандар туралы айтылған еді. Сонымен қатар  Асхат Аймағамбетов Үкімет сағатында еңбек нарығына үлкен қысым жасалып жатқанын айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы