"Әйелдердің зейнет жасы және baby boom". Аймағамбетов еңбек нарығы жайлы айтты

14 Қазан 2024, 11:02
27399
Бөлісу:
"Әйелдердің зейнет жасы және baby boom". Аймағамбетов еңбек нарығы жайлы айтты
VIDEO
Фото: Арман Мухатов - архив

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Үкімет сағатында еңбек нарығына үлкен қысым жасалып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін еңбек нарығына жыл сайын 200 мың адам келетін. Ал қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 250 мыңға жетіп қалды. 5 жылдан кейін 350 мыңға дейін барады деген болжам бар. Осылайша 2030 жылға қарай еңбек нарығына үлкен қысым жасалады. Ол неге байланысты? Әрине, біріншіден, бұл демография. Яғни baby boomer-лердің әсері. Екіншіден, өмір сүру ұзақтығының артуы, - деп айтты депутат.

Бұған қоса, 2031 жылға қарай әйелдердің зейнетке шығу жасы 63 жасқа ұзаруына байланысты еңбек нарығында 50 мыңға жуық адамның қалуы және автоматизацияның қарқынды дамуы да бар.

Аймағамбетовтің сөзінше, бұл фактордың барлығы еңбек нарығына айтарықтай әсер етіп, жаңа жұмыс орындарын қажет етеді.

Өзгелердің жаңалығы