Аймағамбетов медициналық сақтандыру жүйесін сынады

20 Сәуір 2023, 11:22
15667
Бөлісу:
Аймағамбетов медициналық сақтандыру жүйесін сынады
Фото: primeminister.kz

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов медициналық көмекті халыққа барынша қолжетімді етудің жолдарын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазір азаматтарымыз ауруханаға барып, тексеруден тегін өткісі келсе, 1 немесе 3 ай күтуі керек. Ал сол қызметке ақша төлесе, 3 минутта өтеді. Осылайша бұл жасанды проблема, - деді депутат.

Сондай-ақ ол осы салаға енгізілген қаржыландыру жүйесі де дұрыс емес екенін айтты.

Мысалы қазір ауруханалар қаражатты ай сайынғы квота арқылы алады. Мысалы КТ жасауға айына 10 квота, МРТ істеуге 5 квота беріледі. Егер сұраныс бұдан көп болса, онда дәрігер емделушіні келесі айға жазуға мәжбүр, - деді Асхат Аймағамбетов.

Депутат осындай жағдайды ескеріп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін реформалап,  ай сайынғы қаржыландырудан бас тартуды ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы