Аймағамбетов Ақмола облысындағы білім беру ұйымдарын аралады

26 Тамыз 2021, 17:21
12131
Бөлісу:
Аймағамбетов Ақмола облысындағы білім беру ұйымдарын аралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылының қарсаңында Ақмола облысындағы білім беру ұйымдарына барды.

Бұл туралы ол facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Аймағамбетов Ақмола облысындағы білім беру ұйымдарын аралады

Оның сөзінше, Зеленый бор ауылдық мектебінің мұғалімдері оқудың дәстүрлі офлайн форматын қолдайды.

Зеленый бор ауылдық мектебінде 500-ден астам оқушы білім алады. Бірінші кезекте, педагог-әріптестеріммен әңгімелестім. Биылғы оқу форматы туралы әңгіме барысында мұғалімдер дәстүрлі офлайн форматын қолдайтындықтарын атап өтті. Балалар мектепке оралған кезде педагогтер ең алдымен білім беру диагностикасын жүргізу, оқу бағдарламаларын бейімдеу және білімдегі олқылықтарды қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ әріптестерімнің оқулық, бағалау жүйесі, цифрлық платформалар және білім беру жүйесіне енгізіліп жатқан жаңашылдықтар туралы пікірлерін тыңдадым. Мұғалімдердің 45 минуттық сабаққа қайта оралуымызды оң бағалағаны қуантады, - деді министр.

Аймағамбетов Ақмола облысындағы білім беру ұйымдарын аралады

Сонымен қатар Аймағамбетов педагогтерге еңбекақы төлеу мәселесі де маңызды болып тұрғанын атап өтті. 

Биология пәнінің мұғалімі 430 мың теңгеден астам еңбекақы алатынын, сондай-ақ педагог мәртебесін арттыру жөніндегі шаралардың тиімділігін байқап отырғанын тілге тиек етті. Өңірдің білім басқармасының басшысына биылғы оқу үдерісін ұйымдастыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, санитарлық талаптарға, инфрақұрылымға қатысты мәселелерге назар аудару қажет екендігін айтып жеткіздім. Балаларды тасымалдау мәселесі де маңызды болып қалады. Бұған дейін біз оқушыларды тасымалдау туралы талаптарға өзгерістер енгіздік. Көлік сапа мәселесінен бөлек, қауіпсіздік белдіктерімен, балаларды салонда қалдыруды болдырмау жүйесімен жабдықталуы керек. Сондай-ақ мектеп автобустарында балаларды арнайы қызметкер ертіп жүруі тиіс, - деді ол.

Білім министрі білім беру саласы үшін кадрлар даярлайтын екі колледж – Көкшетау педагогикалық колледжі мен Щучинск қаласындағы жоғары педагогикалық колледждің жұмысымен танысқанын айтты. 

Бұл колледждерде барлығы екі мыңға жуық студент білім алады. Қызметкерлермен кездесіп, мамандар даярлау барысындағы проблемалық мәселелерді талқыладық. Сондай-ақ студенттермен әңгімелестік. Білім алушылардың басым бөлігі оқуын аяқтағаннан кейін педагогикалық мамандық бойынша жоғары оқу орындарына түсуді жоспарлап отыр. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетіне де бардым. Ұлттық біліктілік тестілеуінің қорытындысы бойынша аталған жоғары оқу орнының түлектері еліміз бойынша 4-орында, бұл – жақсы көрсеткіш. Жоғары оқу орнының оқытушылары оқыту процесін жақсарту бойынша өз ұсыныстарын білдірді. Оқытушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, өңірлік университет үшін ең бастысы әлемдік рейтингтерге қатысу емес, сұранысқа сәйкес болып, өңірді сапалы кадрлармен қамтамасыз ету әлдеқайда маңыздырақ екенін ерекше атап өттім. Белсенді студенттердің сұрақтарына да жауап бердім. Өз кезегінде студенттер дәстүрлі оқыту форматына оралу туралы жаңалықты қуана қарсы алғандарын айтып жеткізді, - деді Аймағамбетов.

Өзгелердің жаңалығы