Айлин, Медина, Әлихан: елордада жаңа туған нәрестелер үшін жылдың ТОП-30 есімі аталды

8 Желтоқсан 2021, 14:25
1238
Бөлісу:
Айлин, Медина, Әлихан: елордада жаңа туған нәрестелер үшін жылдың ТОП-30 есімі аталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың 11 айында Нұр-Сұлтанда 32 146 бала өзінің алғашқы құжаты - туу туралы куәлігін алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 мыңға көп, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Аудандық әкімдіктердің АХАТ бөлімдерінің мәліметі бойынша, 2021 жылдың 1 қаңтарынан 30 қарашасына дейін елордада 32 146 бала туу туралы куәлік алды. 2020 жылдың сәйкес кезеңінде қалада 29 083 сәби дүниеге келді.

Биыл Нұр-Сұлтандағы ең танымал есім Айлин болды. Оны 437 жаңа туған қыз алды. Екінші орында – Медина, бұл есім 414 сәбиге берілді. Елордадағы қыздардың ТОП-15 танымал есімдеріне Айша, Әмина, Томирис, Аяла, Айзере, Раяна, Сафия, Асылым, Айару, Мәриям, Айым, Зере кірді.

2021 жылы ұлдар арасында көбіне 360 бала Әлихан есімімен аталған. ТОП-15 құрамына Әмір, Алан, Әли, Алдияр, Арлан, Омар, Альтаир, Айсұлтан, Санжар, Ибрахим, Ислам, Рамазан, Ерасыл, Арсен сияқты есімдер кірді.
Биыл қалада некені ресми тіркеген жаңа отбасылар саны да өсті. Сонымен, көрсетілген кезеңде 11 289 жұп отбасын құрды. 2020 жылы 9 571 неке тіркелді.

Сарапшылардың айтуынша, қазір некеге тұруға және отбасын құруға жауапкершілікпен, саналы түрде қарайды. Бүгінде жас жұбайлардың орташа жасы 26-28, ал 4-5 жыл бұрын ол 22-23 жас болған. Тек жастар ғана емес, сонымен бірге ересектер де - 50-60 және тіпті 70 жастағылар да некелесіп жатады.

Өзгелердің жаңалығы