Бұрынғы коммунист, қазіргі халық партиясы өз ұстанымдарын айтты

23 Қараша 2020, 12:46
2077
Бөлісу:
Бұрынғы коммунист, қазіргі халық партиясы өз ұстанымдарын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан халық партиясының кезектен тыс XVI съезі өтті. 

Жиында партияның Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатысуы, сайлауалды бағдарламаны бекіту, сайлауалды штабты құру, депутаттыққа кандидаттардың партиялық тізімі мәселелері қаралды. 

Партия төрағасы Айқын Қоңыров партияның атауы өзгерсе де, социалистік бағыт ұстанып, қарапайым халықтың мүддесін қорғайтынын атап өтті. 

Партия Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысуы туралы ұсыныс енгізіп отыр. Біздің мақсат Парламентке өту ғана емес, сол жерден халықтың әлеуметтік мәселелерін көтеру. Біз уақыт талабымен алға қарай ілгерілеуге ниеттіміз және осыны дұрыс қадам деп есептейміз. Осы орайда ел халқы біздің бастамаларды қолдайтынына сенімдіміз, - деді ол.

Өз кезегінде ол партия жер, лайықты жалақы, тегін білім, зейнет жасын төмендету сынды әлеуметтік мәселелер үнемі партия назарында болғаны, алдағы уақытта да халық мүддесін қорғауды жалғастыратынын айтты.  

Парламенттегі фракция үлкен  болмаса да, осы күнге дейін атқарған жұмысы айтарлықтай. Өткен бес жылда фракцияның 92 отырысы өткізілді, 300-ге жуық депутаттық сауал жолданды. Елді мекендерге 664 жұмыс сапары жасалып, халықпен 1450 кездесу болды. Үш мыңнан астам жеке әрі заңды тұлғалардың өтінімі қаралды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы