"Айка тізімімен" танымал болған Айғаным Мырзахметоваға қатысты сот үкімі шықты

21 Мамыр 2024, 14:48
1577
Бөлісу:
"Айка тізімімен" танымал болған Айғаным Мырзахметоваға қатысты сот үкімі шықты
Фото: BAQ.KZ

Жеңгетайлықты ұйымдастырды деп күдікке ілінген, "Айка тізімімен" танымал болған Айғаным Мырзахметова 6 жыл 6 айға сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Криминальный Казахстан" телеграм арнасының мәліметінше, аты-жөні атышулы тізім арқылы көпшілікке белгілі болған сотталушы Айғаным Мырзахметова "мефедронды" заңсыз сатып алғаны, сақтағаны және тасымалдағаны үшін, сондай-ақ жеңгетайлықты ұйымдастырғаны үшін айыпты деп танылды.

Тергеу барысында Мырзахметова сыбайласымен бірге 2020 жылдан 2023 жылға дейін қыздардың клиенттермен кездесуін ұйымдастырып, содан пайыз алып отырғаны анықталды.

Алматы сотының шешімімен Айғаным Мырзахметова 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, ал оның сыбайласы 3 жыл 8 айға сотталды.

Еске салсақ, 2023 жылдың 6 маусымында Алматыда жезөкшелікпен айналысқан топтың жетекшілері ұсталды. Олар Алматы қаласында қалталы ер адамдар үшін интимдік және "эскорт-сүйемелдеу" қызметтерін көрсететін модельдік келбеті бар қыздардың қатысуымен "жеке" секс-кештер ұйымдастырған көрінеді. 

Сол кезде прокуратура келісімі бойынша ҚР ҚК-нің 309-бабымен “Жезөкшелікпен айналысуға притондар ұйымдастыру және жеңгетайлық” және 297-бабымен “Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау” сотқа дейінгі іс қозғалды.

Бұған дейін Ішкі істер министрі Ержан Саденов "Айка" тізімі қалай жарияланып кеткенін айтып берді.

Сондай-ақ Антикор да "Айка тізімі" бойынша істі тергеп жатқанын айтты.

Аударған: Эльнура Бисенғали 

Өзгелердің жаңалығы