Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әйгілі YouTube-блогер тыңшылық жасады деген күдікпен қамауға алынды

19 Мамыр 2025, 20:29
650
Бөлісу:
 pexels.com
Фото: pexels.com

Үндістанда әйгілі YouTube-блогер Пәкістан пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Үндістанның Харьяна штатында танымал саяхатшы блогер Джоти Малхотра Пәкістанның пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен қамауға алынды. Полиция оның Пәкістанға бірнеше рет барып, соңғы рет биыл наурызда сапар шеккенін айтады.

Әйгілі YouTube-блогер тыңшылық жасады деген күдікпен қамауға алынды
Фото: Джоти Малхотра/YouTube

Тергеу барысында Малхотра Пәкістанның Дели қаласындағы Жоғарғы комиссиясының өкілімен байланыс орнатқаны анықталған. Бұл дипломат 13 мамырда Үндістаннан қуылған еді. Оған "лауазымына сәйкес келмейтін әрекетке барған" деген айып тағылған.

Блогердің әкесі бұл айыптарды жоққа шығарып, қызы Пәкістанға тиісті рұқсатпен барғанын мәлімдеді. Алайда полиция оның шетел сапарларын қалай қаржыландырғанын зерттеп жатыр.

Сонымен қатар, блогердің Пахалгамдағы туристерге жасалған шабуылға қатысы бар-жоғы да тергеліп жатыр. Бұл шабуылдан кейін Үндістан мен Пәкістан арасында әскери жағдай ушығып, тек 10 мамырда екі ел атысты тоқтату туралы келісімге келген болатын.

Өзгелердің жаңалығы