Әйелін қорлаған ақмолалыққа қатысты тергеу жүріп жатыр

27 Маусым 2022, 22:22
1466
Бөлісу:
Әйелін қорлаған ақмолалыққа қатысты тергеу жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйелін қорлаған ақмолалыққа қатысты тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Polisia.kz. 

25 маусымда Көкшетау қаласының Полиция басқармасына 26 жастағы жергілікті тұрғыннан өтініш түсті. Азаматша 33 жастағы күйеуі оған физикалық зорлық-зомбылықпен қауіп төндіретінін айтты.

Аталған факті бойынша Полиция басқармасының тергеу бөлімі ҚР ҚК 115-бабы (Қауіп) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. 

Ақмола облысы ПД ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің аға инспекторы Марина Беликтің ақпараты бойынша, жылдың басынан бастап учаскелік полиция инспекторлары мен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің қызметкерлері тұрмыста құқыққа қарсы әрекеттері үшін 367 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 304 адам денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін және 124 адам тұрмыста ұрып-соққаны үшін. 

Сонымен қатар отбасылық салада құқық бұзушылар тарапынан бірге тұратын адамдарға қатысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасауға жол бермеу үшін Ақмола полицейлері жыл басынан бері 1683 қорғау нұсқамасын шығарды.

Өзгелердің жаңалығы