Әйелдер күресі: Жұлдыз Ешимова – Азия чемпионатының қола жүлдегері

23 Сәуір 2022, 23:40
1482
Бөлісу:
Әйелдер күресі: Жұлдыз Ешимова – Азия чемпионатының қола жүлдегері

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұлдыз Ешимова әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының қоржынын қола жүлдемен толықтырды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ұлан-Баторда күрес түрлерінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Әйелдер күресі бойынша 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жұлдыз Ешимова жарыстың қола жүлдегері атанды. Ол жұбаныш финалында өзбекстандық Актенге Кеунимжаевамен кездесті. Екеуара кездесу 5-1 есебімен қазақстандық балуанның еншісіне шешілді.

Айта кетерлігі, бұл әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының аталмыш құрлық біріншілігіндегі төртінші медалі.

Өзгелердің жаңалығы