Әйел өз ісінің хас шебері болуы керек, сонда ғана онымен санасады – Бозаева

13 Қараша 2020, 12:34
2395
Бөлісу:
Әйел өз ісінің хас шебері болуы керек, сонда ғана онымен санасады  – Бозаева
Фото: Кейіпкердің жеке архивінен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы шаруа қожалық басшысы Анар Бозаева «Ауыл әйелдерінің ауылдағы өмір сапасын арттыру бағытындағы игі бастамалары және ТДМ-2030 жетістіктері» атты  ауыл әйелдерінің III республикалық форумы барысында айтты.

Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету үшін күреспеу керек. Шекара жасап, біреуге бірдеңені дәлелдеуге тырыспау керек. Өзіңнің сүйікті жұмысыңмен айналысып, дами беру керек. Сол кезде ғана әйелдермен санасады, - дейді ол.  

Бозаева өзінің тәжірибесін басымдыққа алып, ер адамдар кәсіпкерлік бойынша келіп кеңес сұрайтынын алға  тартты. 

Мен ауыл шаруашылығы саласына келгенде барлығы «жалғыз қыз не бітіре алады?» деп таңғалды. Қазір көп шаруа қожалықтары бар еркектердің өзі маған келіп, кеңес сұрайды. Олар менің дамып жатқанымды байқап, сәттіліктің құпиясын сұрайды. Мұнда ешқандай құпия жоқ. Тек өз салаңды жақсы көру керек. Әрбір әйел өзінің атқарып жүрген ісін бүге-шүгесіне дейін түсініп, ол саланың хас шебері атануы керек. Сол кезде ғана бізбен санасады, - деді Бозаева.  

 

Айта кетейік, форум Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі», Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы және Қазақстанда ТДМ – 2030-ға қол жеткізу және «Ауыл-ел бесігі» арнайы жобасы аясында ауылды реформалау, агросекторды экономика өсуінің жаңа драйвері ретінде арттыру жөніндегі үкіметтік бағдарламаларды қолдау аясындағы жұмыстарды талқылайтын алаң.

Өзгелердің жаңалығы