Айдос Сәкенов Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып тағайындалды

27 Желтоқсан 2021, 12:30
1056
Бөлісу:
Айдос Сәкенов  Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Айдос Мерекеұлы Сәкенов Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. 

Бұл туралы  Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.

Айдос Сәкенов 1987 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген.

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Л. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Лидс университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы  Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің пайдалану басқармасы сарапшысының м. а. болып бастады. 

2009-2014 жылдары —  Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында әртүрлі қызметтер атқарған.

2014-2016 жылдары — Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің сарапшысы.

2016-2018 жылдары — Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің басшысы.

2018-2020 жылдары — Павлодар облысының Кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары.

2020 жылғы мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Өзгелердің жаңалығы