Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттің өкімімен Нұрболат Айдапкелов қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Серғалиұлы Айдапкелов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы лауазымынан босатылды - делінген ақпаратта.