"Айбын" әскери жиынының алғашқы жеңімпаздары анықталды

21 Маусым 2023, 21:29
649
Бөлісу:
"Айбын" әскери жиынының алғашқы жеңімпаздары анықталды
PHOTO
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Спасск оқу орталығында "Айбын" IX халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының алғашқы жарыстары өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Smart sarbaz-2023 өнертапқыштар байқауында жас бағдарламашылар қазылар алқасына өздерінің IT-әзірлемелері мен әскери бағыттағы техникалық шешімдерін ұсынды.

Талдықорған қаласындағы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің "Жас десантшылар" әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі Әділет Әділхан адамды қауіпсіз жерге эвакуациялай алатын робот-құтқарушыны таныстырды.

Роботқа орнатылған камера арқылы жәбірленушіні табуға және оны төтенше жағдайда немесе ұрыс алаңынан алып шығаруға болады, – деді жас өнертапқыш.

Әділет Әділханның "Жас десантшылары" Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери-патриоттық клубтары арасында Smart Sarbaz-2023 байқауында бірінші орынды иеленді.

"Айбын" әскери жиынының алғашқы жеңімпаздары анықталды

Өңірлік қатысушылар арасында Абай облысының "Абай қырандары" командасы жеңіске жетті. Қорғаныс министрлігі оқу орындарының командалары арасындағы жарыста Шымкент қаласындағы "Жас ұлан" республикалық мектебінің тәрбиеленушілері үздік атанды.

"Айбын дарыны" зияткерлік ойынында ұйымдастырушылар балалардың эрудициясы мен тапқырлығын тексерді. Қатысушылар үшін аудио және бейне сұрақтардан, тестерден, ребустардан және логикалық тапсырмалардан тұратын викторина дайындалды.

30 сұрақтың 22-сіне "Жетісу тарландары" командасы дұрыс жауап беріп, өңірлер арасында бірінші орынды иеленді.

"Айбын" әскери жиынының алғашқы жеңімпаздары анықталды

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Қорғаныс министрлігі әскери колледжінің өкілдері де өздерін жақсы көрсетті. 20 сұраққа дұрыс жауап бере отырып, олар оқу орындары арасында зияткерлік ойынның жеңімпазы атанды.

Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың үш әскери-спорттық клубы әрқайсысы 19 ұпайдан алды. Олардың барлығына бірінші орын берілді. Олар - "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының "Патриот", Қарулы күштер Қару-жарақ бастығы басқармасының "Сағадат" және Төтенше жағдайлар министрлігінің "Жас ұлан" командалары.

"Айбын" әскери жиынының алғашқы жеңімпаздары анықталды

"Айбын дарыны" байқауына Әзербайжаннан 16 балл жинаған команда да қатысты.

Біз логика, дүниежүзілік тарих, алғашқы медициналық көмек туралы сұрақтарға еш қиындықсыз жауап бердік және жақсы нәтиже көрсеттік. Енді келесі жылы тең дәрежеде өнер көрсетуді жоспарлап отырмыз, - дейді Әзербайжан командасының мүшесі Рентун Мирзаев.

"Айбын" әскери жиынының алғашқы жеңімпаздары анықталды

Жарыстар жалғасуда. Әскери-патриоттық жиын бағдарламасында барлығы 11 конкурс бар. Алда "Күшіміз бірлікте" әскери-далалық тактикалық ойындары, әскери-спорттық және әскери-қолданбалы жарыстар, сондай-ақ әскерилендірілген эстафета сайысы өтеді.

Өзгелердің жаңалығы