Айбек Оралбай жартылай финалға шықты

8 Желтоқсан 2024, 21:07
349
Бөлісу:
Айбек Оралбай жартылай финалға шықты
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Азия чемпионатының жартылай финалында атағына лайық өнер көрсетіп, алтын медальға таласуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Таиландта өтіп жатқан сары құрлық біріншілігінің жартылай финалында отандасымыз өзбекстандық жас боксшы Жахонгир Зокировты жарыс жолынан шығарды. Айбек айқасты толық бақылауында ұстап, тиісінше төрешілер де жеңісті бірауыздан қазақстандық былғары қолғап шеберіне берді – 5:0.

Жахонгир Өзбекстан құрамасынан кәсіпқой боксқа ауысқан Баходир Жалоловтың ізбасары саналады.

Айбек финалда Қытай елінің боксшысы Ремула Абудурекситимен кездеседі.

Ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектер 11 желтоқсан күні өтеді.

Өзгелердің жаңалығы