Айбат Ілиясов жаңа қызметке тағайындалды

27 Тамыз 2022, 18:30
685
Бөлісу:
Айбат Ілиясов жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айбат Болатұлы Ілиясов ҚР оқу-ағарту вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айбат Ілиясов 1982 жылы дүниеге келген.

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша жоғары білімі бар.

2006-2007 жылдар аралығында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ аға инженер-электроник, бас маман болып жұмыс істеді.

2008-2009 жылдары «Телекоммуникациялар саласындағы техникалық қолдау және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас маманы.

2009-2012 жылдары - Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінде бас консультант, сектор меңгерушісі, бас сарапшы, м.а. Әділет министрлігі Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаментінің басшысы.

2013 жылғы наурыздан 2022 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаментінің басшысы, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2022 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы