Аязда сәбиін далаға тастап кеткен ата-ана ұсталды

28 Ақпан 2024, 11:50
1167
Бөлісу:
Аязда сәбиін далаға тастап кеткен ата-ана ұсталды
Фото: Polisia.kz

Бұл туралы Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров мәлім етті, деп жазады BAQ.KZ.

Полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жұмыстардың нәтижесінде жас нәрестені далада тастап кету дерегі бойынша күдікті 29 жастағы ер адам және 22 жастағы азаматша ұсталды. Қазір оқиғаның толық мән жайы анықталуда. Өзге ақпараттар тергеу құпиялығына сәйкес әзірге жария етілмейді, - деді ол.

Бұған дейін Қарағандының тұрғын үйлерінің кіреберісінен нәресте табылғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы