Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Мәжіліс кулуарында елордадағы автобус апатынан зардап шеккен Алуаға және оның отбасына қандай қолдау көрсетілетінін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Тілшілер автобус апатынан зардап шеккен қызға қандай әлеуметтік көмек қарастырылғанын айтты.
Қыздың анасымен сөйлестік. Протездеу және оңалту бойынша қызметтердің барлығын мойнымызға аламыз. Қыз Егіндікөлдегі аудандық емханаға тіркелген. Қазір дәрігерлер оған арнайы оңалту бағдарламасын әзірлейді, – деді министр Мәжілісте.
Жақыпова Алуа алатын жәрдемақы көлеміне де тоқталды.
Бірінші топтағы мүгедектік бойынша тағайындалатын жәрдемақы көлемі 100 мың теңгеден асады. Ал анасына мүгедек баланы тәрбиелегені үшін ай сайын 78 мың теңге төленеді. Бұдан бөлек, көпбалалы отбасы ретінде де қосымша төлемдер алып отыр, – деп нақтылады министр, – деді Светлана Жақыпова.
Ведомство басшысы қазір министрліктің бұйрықтарына өзгерістер енгізіліп жатқанын айтты.
Мемлекеттік органдардан келісім рәсімінен өтіп жатыр. Құжатқа сәйкес, Алуада сияқты ампутация болған жағдайда өмір бойына өзінің мүгедектігі бойынша растама бермеу туралы тармақ бар, – деді Еңбекмині.
Еске салайық, Астанада жол апаты болып, 15 жолаушы, соның ішінде 6 бала зардап шекті. Олардың үшеуінің жағдайы ауыр екендігі айтылды.
2017 жылы туған қыз балаға алған жарақаттары салдарынан екі аяғына ампутация жасалды.
Ал Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек автобус апатынан кейін екі аяғынан айырылған қыздың отбасына пәтер берілетінін жеткізді.
Жол апатынан кейін автобус жүргізушісі қамауға алынғанын хабарлаған болатынбыз. Екі аяғынан айырылған бүлдіршінге жәрдемақы тағайындалады.