Аягөзде әскерилер баспаналы болды

2 Желтоқсан 2020, 22:04
1727
Бөлісу:
Аягөзде әскерилер баспаналы болды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аягөз гарнизонының әскери қызметшілері мен отбасы мүшелеріне Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Оңтүстік» әскери қалашығында жөндеуден өткен 60 пәтердің кілті салтанатты түрде табыс етілді.

Бұл көп әскери қызметшінің тұрғын үй мәселесін шешуге, оларға әскери қызметті атқару үшін қажетті жағдаймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Аягөзде әскерилер баспаналы болды

Жаңа пәтерлер толықтай ішкі әрлеу жұмыстарынан өтті. Оларға электр плиталары, су жылытқыштар және киім-кешек шкафтары қойылған. Өрт дабылы қосылып, электр энергиясы мен су есептегіш құралдары орнатылған. Үй отқа төзімді материалмен қапталған. Аулаға асфальт төселіп, онда балалар ойын алаңы мен жаттықтыру құралдары орнатылған спорт алаңы жабдықталған.

Аягөзде әскерилер баспаналы болды

Әскери қалашықтың көптеген тұрғын үй ғимараттары өткен ғасырдың 70-90 жылдары салынған. Күрделі жөндеу нәтижесінде барлық үй жаңа кейіпке ие болып, өмір сүруге қолайлы әрі жайлы қалыпқа енді.

Өзгелердің жаңалығы